Сізге сәті түседі!

+7 (727) 2952602, +7 (727) 3340026, +7 (727) 2952660
info@kraft-kazakhstan.com
Кері қоңырауға тапсырыс беру
Задать вопрос

Біздің компания жүктердің барлық түрлерін теміржолмен тасымалдауды жүзеге асырады.

Теміржол тасымалдаулары Қазақстанның ішінде немесе оның шекарасынан тыс жүктерді теміржол бойынша тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, ұзақ қашықтықтарға тасымалдаулар кезінде жоғарғы сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүк тасымалының барынша әмбебап және арзан түрлерінің бірі. Вагондардың жоғары жүк көтергіштігі мен көлемдері, сондай-ақ тасымалдауға арналған платформалардың әртүрлілігі арқасында теміржолдар бойынша кез келген типтегі жүктерді, оның ішінде габаритті емес жүктерді және әртүрлі техникаларды тасымалдауға болады.

Біздің компаниямыз бен мамандарымыздың мол тәжірибесі, жақсы дамыған логистика қызметінің арқасында, жеткізулерді барынша қысқа мерзімдерде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз егер тапсырыс беруші аталатын проблемаларды өз күшімен шеше алмайтын болса, жүктерді теміржол станцияларына жеткізетін автокөлікті пайдаланумен, сондай-ақ су кедергілері бар болғанда теңіз немесе өзен көлігін іске қосумен құрамдастырылған (мультимодальдық) жүк тасымалдауларын да ұйымдастыра аламыз.

Жүктерді теміржолдар бойынша жеткізу үшін біз контейнерлік тьиптегі вагондарды, хопперлерді, цистерналар мен жүк платформаларын пайдаланамыз. Алғашқылары қаптамаларға қапталған және қапталмаған, әртүрлі сұрыптағы және құрама жүктердің көпшілігін жеткізу үшін қолданылады. Жүктің көлемі мен типіне тәуелділікте біз жүк көтергіштігі әртүрлі контейнерлерді таңдаймыз – 3 тонналық немесе 5 тонналық. Тез бұзылатын және тамақ өнімдерін тасымалдау үшін рефрижераторлық және изотермикалық вагондар пайдаланылады. Хопперлер сусымалы жүктерді тасымалдауға, цистерналар сұйық жүктерді тасымалдауға қолданылады. Платформаларда негізінен ауыл шаруашылық, әскери, жол, коммуналдық техникаларды, сондай-ақ кез келген басқа түрдегі автокөліктерді тасымалдау ұйымдастырылады. Жүк платформаларының құрылымы жүктерді жолда бекітуге арналған бекіту қондырғыларының бар болуын, сондай-ақ тенттер мен қаптарды қолдана отырып жүктердің сыртқы жағдайлардан қорғалуын қарастырады.

  • көлікті және шарт жасасу талаптарын таңдай бойынша клиенттерге консультация беру;
  • қызмет көрсету шартын толтыру және қол қою;
  • уақыт және қаржы шығындарын азайту мақсатында оңтайлы бағыт әзірлеу;
  • халықаралық стандарттарға сәйкес ілеспе және кедендік құжаттарды ресімдеу. Нақты бір типтегі жүктерді әкелуге және шығаруға рұқсаттар алу;
  • контейнерді жүк тасымалдауға дайындау және оны тиеу орнына жеткізу;
  • платформаларда габаритті емес жүктер мен техникаларды бекіту үшін арналған такелаждарды әзірлеу, жасау және дайындау;
  • крандарды, манипуляторларды және басқа да қажетті техниканы жұмылдырумен тиеу-түсіру жұмыстары;
  • жүктердің жолдағы қауіпсіздіктерін барынша қамтамасыз ету үшін, оларды бекіту бойынша такелаж жұмыстары;
  • жүкті жөнелту және оның бағыт алған пунктке дейінгі жол бойына тұрақты мониторинг жасау;
  • клиентке жүктің бағыт алған пунктке келуі туралы хабарлау.

Теміржол тасымалына қатысты барлық мәселелер бойынша rw@kraft-kazakhstan.com мекенжайына хат жолдау арқылы бізбен байланыса аласыз.

Оформление заказа

Заполните форму и мы перезвоним вам в течении рабочего дня или напишите письмо на нашу корпоративную почту с указанием наименования товара.

* — обязательные поля для заполнения.

Кері қоңырауға тапсырыс беру

Нысанды толтырыңыз, біз жұмыс күні ішінде сізге қоңырау соғамыз немесе біздің корпоративтік поштамызға хат жазыңыз.

* — Толтырылуы міндетті алаңдар.