Сізге сәті түседі!

+7 (727) 2952602, +7 (727) 3340026, +7 (727) 2952660
info@kraft-kazakhstan.com
Кері қоңырауға тапсырыс беру

Біз – дамудың жаңа жолын ұсынамыз. ұсынамыз. ұсынамыз.

Крафт Спедишн компаниясы көлік-логистикалық көрсетілетін қызметтер нарығында 2007 жылдан бастап жұмыс істеуде және өзін сенімді және жауапты әріптес ретінде таныта білді. Біз әлемнің барлық түкпірінен Қазақтанға және Қазақстаннан әртүрлі жүктерді тасымалдауды ұйымдастырамыз және жүзеге асырамыз, Орталық Азия елдеріне көліктің барлық түрлерімен транзитті қамтамасыз етеміз. Біздің компаниямыз Қазақстанның Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен шекараларында және өту орындарында Белсенді жұмыс істейді.

Жеткізу мен сақтандырудың оңтайлы схемаларын әзірлей отырып, біздің габаритті емес жүктер мен ірі жобаларды тасымалдау саласында ең күрделі логистикалық міндеттерді шешуде мол тәжірибеміз бар. Сондай-ақ, біз қазақстанның кеден заңнамасының, сертификаттаудың ерекшеліктерін ескере отырып және әртүрлі кедендік режимдерді қолдана отырып, кедендік ресімдеуді жүзеге асырамыз. Жобалық жүктерді кедендік тазарту және «жинақталмаған және бөлшектелген түрде» декларациялау біздің күнделікті жұмысымыз.

Біз жүзеге асыратын барлық тасымалдаулар жаһандық сақтандыру полисі арқылы сақтандырылған. Біз клиенттерге шоғырланған жүктер логистикасы бойынша өте жақсы қолданыстағы сервисті, тауарларды көліктің құрамдастырылған түрлерімен жеткізу бойынша қызығушылық тудыратын шешімдерді, контейнерлермен және вагондармен тасымалдауларды, температуралық режимі бар және қауіпті (ADR) жүктерді автокөлікпен жеткізуді ұсынамыз.

Компанияда жұмысты жеделдетуге арналған спутниктік байланыспен жарақталған жаңа төменрамалы тралдар, Toyota Hilux пикаптар паркі бар. Біздің әлемнің бүкіл түкпірінен Қазақстанға габаритті емес жүктерді тасымалдаудағы және кедендік ресімдеудегі, өз көлігімізбен Қытайдан Орталық Азияға және Иранға транзиттік тасымалдаудағы мол тәжірибеміз кез келген күрделі тасымалдауларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біздің қызметкерлеріміздің жоғарыда аталған бағыттар бойынша жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруда мол тәжірибелері бар және біз өндірістің әртүрлі салаларындағы клиенттеріміздің дербес қалауларын тез және икемді орындауға қуана кірісеміз. Өз істеріне берілген, жоғары білікті, көп жылдық тәжірибесі бар және креативті шешім қабылдай білетін, шығармашылық ойлауға қабілетті мамандардан құралған біздің командамыз бізге клиенттердің техникалық тұрғыдағы күрделі талаптары үшін инновациялық және қауіпсіз шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді. Мұқият жоспарлау, жобалау, үйлестіру және бақылау – міне осының барлығы біздің әрбір клиент үшін қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етудегі күнделікті жұмысымыз.


Кері қоңырауға тапсырыс беру

Нысанды толтырыңыз, біз жұмыс күні ішінде сізге қоңырау соғамыз немесе біздің корпоративтік поштамызға хат жазыңыз.

* — Толтырылуы міндетті алаңдар.