Сізге сәті түседі!

+7 (727) 2952602, +7 (727) 3340026, +7 (727) 2952660
info@kraft-kazakhstan.com
Кері қоңырауға тапсырыс беру

Көрсетілетін қызметтер бойынша консультация

Компания менеджерлері сіздің барлық сұрақтарыңызға жан-жақты жауап береді және көрсетілетін қызметтер құнын есептеп береді және дербес коммерциялық ұсыныстар әзірлейді.

Компания туралы

Крафт Спедишн компаниясы көлік-логистикалық көрсетілетін қызметтер нарығында 2007 жылдан бастап жұмыс істеуде және өзін сенімді және жауапты әріптес ретінде таныта білді. Біз әлемнің барлық түкпірінен Қазақтанға және Қазақстаннан әртүрлі жүктерді тасымалдауды ұйымдастырамыз және жүзеге асырамыз, Орталық Азия елдеріне көліктің барлық түрлерімен транзитті қамтамасыз етеміз. Біздің компаниямыз Қазақстанның Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен шекараларында және өту орындарында Белсенді жұмыс істейді.

Жеткізу мен сақтандырудың оңтайлы схемаларын әзірлей отырып, біздің габаритті емес жүктер мен ірі жобаларды тасымалдау саласында ең күрделі логистикалық міндеттерді шешуде мол тәжірибеміз бар. Сондай-ақ, біз қазақстанның кеден заңнамасының, сертификаттаудың ерекшеліктерін ескере отырып және әртүрлі кедендік режимдерді қолдана отырып, кедендік ресімдеуді жүзеге асырамыз. Жобалық жүктерді кедендік тазарту және «жинақталмаған және бөлшектелген түрде» декларациялау біздің күнделікті жұмысымыз.

Біз жүзеге асыратын барлық тасымалдаулар жаһандық сақтандыру полисі арқылы сақтандырылған. Біз клиенттерге шоғырланған жүктер логистикасы бойынша өте жақсы қолданыстағы сервисті, тауарларды көліктің құрамдастырылған түрлерімен жеткізу бойынша қызығушылық тудыратын шешімдерді, контейнерлермен және вагондармен тасымалдауларды, температуралық режимі бар және қауіпті (ADR) жүктерді автокөлікпен жеткізуді ұсынамыз.

Соңғы жаңалықтар

Инкотермс 2011

Правила вступили в действие 01 января 2011 года.
Инкотермс 2010 (Incoterms 2010) - это международные правила, признанные правительственными ор...

Кері қоңырауға тапсырыс беру

Нысанды толтырыңыз, біз жұмыс күні ішінде сізге қоңырау соғамыз немесе біздің корпоративтік поштамызға хат жазыңыз.

* — Толтырылуы міндетті алаңдар.